Атырау облысында атыс болып, 2001 жылғы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 21 қазанда сағат 04:14-те Атырау қаласының Полиция департаментінің кезекші бөліміне ауруханаға 2001 жылғы ер адамның денесі әкелінгені туралы хабар түскен. Одан бөлек, 2004 және 2005 жылы туған екі адам жарақат алған. Бүгінде олар облыстық ауруханада жатыр.
Полиция мәліметінше, оқиға Атырау-2 шағынауданында болған. Оқиғаға қатысты барлық адам анықталды. Соталды тергеу басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!