Атырауда Исатай-Махамбет алаңынан адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Басылым оқиғаның мән-жайын білмек болып облыстық полиция департаментіне хабарласқан. Полиция бұл деректі растады.
"Бүгін Атырау қаласының орталығында 1963 жылы туған ер адам қайтыс болған. Дене жарақаттары жоқ. Алдын ала болжам бойынша денсаулығына байланысты қаза тапқан. Ер адам сол жерде жақын орналасқан құрылыс алаңының қызметкері екендігі анықталды", - дейді департамент өкілі Мейірім Ердәулет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!