Былтыр маусымда ағайынды жасөспірім суға батып кетті. Олардың бірінің денесі бірнеше күннен кейін табылды. Алайда екіншісі біраз уақытқа дейін табылмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Атырау шағынауданындағы Жайық жағасынан белгісіз ер адамның денесі табылған.
"Қазір бұл 2023 жылы 13 маусымда суға батып кеткен 2008 жылы туған жасөспірімнің денесі деген күдік бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, былтыр 13 маусымда Геологта екі жасөспірім суға батып кетті. Олар бір-біріне немере ағайынды болып келеді.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда Жайық жағасынан белгісіз адамның мүрдесі табылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!