- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда ағайынды екі...
Атырауда ағайынды екі бала суға батып кетті
Атырауда ағайынды екі бала суға кетіп, ажал құшты. 15-16 жастағы жасөспірімдердің денесін құтқарушылар Жайық өзенінен іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ағалы-іні балалар каникулға келіп ойнап жүрген жерінен осылай болды. Хабарды естіп бәріміз келдік. Кеше сағат жеті жарымнан бастап іздестіріп жатыр. Он бір жарым, он екіге дейін іздеді. ТЖ өкілдері де бар. Таңертең жетіден бастап тағы іздеп жатыр", - деді балалардың туысы Асылбек Қожахметов.
Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер Жайықтың тыйым салынған жеріне келіп суға түскен. Шомылып жүрген екеуін ағыс алып кеткен. Бауырларының суға батып кеткенін үшінші бала хабарлаған. Қазір құтқарушылар төрт қайықпен өзен бойын сүзіп жүр. Оларға су полициясы мен еріктілер де қосылды. Жыл басынан бері Атырау облысында 13 адам суға кеткен. Оның үшеуі - жасөспірім.
"Жаз басталды. Каникулда оларға ешкім қарамайды. Ата-анасы жұмыста. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері құралдарымен іздеп жатыр", - деді Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Асхат Ержанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек