- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда адамшошырлық оқиға...
Атырауда адамшошырлық оқиға тергеліп жатыр
Атырауда адамшошырлық оқиға тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "АқЖайық".
25 шілдеде кешке Атырау тұрғыны полицияға Авангард-3 шағынауданында тұратын 30 жастағы қызы пәтер есігін ашпайтынын айтқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерден екі мәйіт тапқан.
Басылым мәліметінше, екеуі де жуынатын бөлмеде болған. 26 жастағы ер адам мойнына арқан байлап, су жылыту құбырына асылған, ал қасында әйелдің денесі болған. Олар ерлі-зайыпты болған, бірақ сол кезде некені бұзу процесі жүріп жатқан. Олардың артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.
Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) және 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеу басталған.
Ж. Қадыржанова