Атырауда 9 жастағы баланың үстіне электрлмотоцикл құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 шілдеде болған.
"Түнгі сағат 01:17 шамасында Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 2016 жылғы баланың үстіне электрлмотоцикл құлады. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Электрлмотоциклдің иесі - 1985 жылғы ер адам.
"Бұл оқиғаға байланысты мотоцикл жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілді. Сараптаманың қорытындысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек