Атырауда кішкентай қыз 7-қабаттың балконында ойнап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Төтенше жағдайлар департаменті өкілі оқиға Нұрсая шағынауданындағы №116 үйде сағат 15:40-та болғанын айтқан. Бұл жетінші қабатта болған. Кейінірек қыздың әпкесі балконға шығып, оны пәтерге алып кірген.
Полиция департаменті өкілі қыздың ата-анасының үстінен хаттама толтырылып жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!