- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ажырасу мәселесі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Биыл Атыраудағы ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығына 510 отбасы отбасылық психологтың көмегіне жүгінген. Оның ішінде 62 отбасы қайта татуласқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Орталық мамыр айынан бері ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде "Шаңырақ-2008" жобасы аясында жұмыс істеп келеді. Мұнда екі заңгер, екі психолог және медиатор қызмет атқарады.
"Ірі сауда орталықтарында өткен ашық есік күндері аясында 68 адамға тегін кеңес берілген. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі үш жылды қамтиды. Бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан жоба қазірдің өзінде оң нәтижесін көрсетіп жүр. Мәселен, әлеуметтік осал топтардағы кейбір азаматтар сотқа жүгініп, заңгерлерден тегін көмек ала алды, - дейді "Шаңырақ-2008" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясова.
Жыл басынан бері орталықтан екі мыңға жуық адам көмек алған. Оның ішінде 510 отбасы психологтың көмегіне жүгініп, 62 ерлі-зайыпты қайта татуласқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина