Атырауда 60-тан аса отбасы ажыраспақ болып, кейін татуласқан

Атырауда 60-тан аса отбасы ажыраспақ болып, кейін татуласқан
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Атырауда ажыраспақ болған 60-тан аса отбасы татуласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Атыраудағы ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығында жыл басынан бері екі мыңға жуық адам көмек алған. Оның 510-ы отбасылық психологтарға қаралған, ал 62 ерлі-зайыпты татуласқан.

Бұл туралы дөңгелек үстелде айтылды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Суеуова орталықтың жұмысына оң баға беріп, келешегін талқылады. Бұл орталық "Шаңырақ-2008" жобасы аясында ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мамырдан бері жұмыс істеп келеді.

"Орталықта екі заңгер, екі психолог және медиатор жұмыс істейді. Ірі сауда орталықтарында өткен ашық есік күндерінде 68 адамға тегін кеңес берілді. Жобаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Ол бір жыл бойы қолданылды, бірақ практикалық пайдасы байқалады. Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы кейбір азаматтар сотқа жүгініп, олар тегін заңгерлік көмек ала алды", дейді "Шаңырақ-2008" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек