- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 5 полицей...
Атырауда 5 полицей азаптау дерегі бойынша күдікке ілінді
Атырауда 5 полиция қызметкері азаптау дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Биыл қаңтардан бастап азаптаулар туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.
21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Оларға Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылған.
Олар биыл ақпанда алдын ала сөз байласып, Р есімді ер адамға қылмысты мойындату мақсатында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.
"Еліміздің Ата Заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек