Атырауда 18 қазан күні сағат 22:00-де үйден шығып кетіп қайта оралмаған 23 жастағы тұрғын өлі табылды. Сол күні қызға іздеу жарияланған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 және 25 жастағы екі адам ұсталды.
Олар екі бап - адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша күдікке ілінді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары тергеуді бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз