- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 5-қабаттан секірмек...
Атырауда 5-қабаттан секірмек болған әйел видеоға түсіп қалды
Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 7 қыркүйекте сағат 16:16 шамасында 102 операторына вокзал маңы ықшамауданы Берғалиев көшесінде орналасқан үйдің 32 жастағы тұрғыны анасы пәтер есігін ішінен құлыптап алғанын хабарлаған.
Осы хабарлама бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің №10 учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жедел жетіп, пәтер есігін ашқан. Олар 5-қабат терезесінен сыртта орналасқан салқындатқыш үстіне шыққан әйелді көріп, дереу әрекет етіп, құтқарып қалған. Қала тұрғынын өлімнен аман алып қалған қос бірдей полиция капитаны Қобылан Мамитин мен Нұрсұлтан Абитовтың айтуынша, олардың әр секунды маңызды болған, тез шешім қабылдап әрекет еткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова