- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 467 миллион...
Атырауда 467 миллион теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Атырау облысында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша Атырау облысы Құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен "Техника-Рем Строй" ЖШС басшысына қатысты соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым мәліметінше, тергеу жұмыстары әлеуметтік объектілердің, мектептің, 2 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған.
"Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 миллион теңге. ЖШС басшысына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктесінің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды", - делінген хабарламада.
Ал Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және тағы да бір тапсырысшыға қатысты "үйқамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Г. Досымшалова