- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 3 миллион...
Атырауда 3 миллион теңгеден аса айыппұл төлемеген көлік жүргізушісі анықталды
Атырауда 3 миллион теңгеден аса айыппұл төлемеген көлік жүргізушісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері Сатпаев-Некрасов көше қиылысында 3 миллион 771 мың теңге көлемінде борышкер есебінде тұрған, маркасы NISSAN көлігін анықтап, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне бағыттама берген.
"Бұл көліктің 1978 жылы туған жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында жүргізуші құқығынан айырылғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктермей өтеу керегін ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова