24 шілдеде ЖШС бірінің гаражында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 жастағы жұмысшы шетелдік көлікті жөндеп жатқан кезде қаза тапты.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"24 шілде күні Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің 27 жастағы жұмысшысының қайтыс болу дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз