Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді

Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді
Фото: polisia.kz

Атырауда 245 келіге жуық бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақтөбе-Астрахань тасжолының 620-шақырымы тұсында күдік тудырған екі автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктердің салонынан жалпы салмағы 242 келі болатын бекіре тұқымдас балық өнімдерін тәркіледі.

Екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан