17 тамызға қараған түні 23 жастағы фельдшерге оқ атылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, фельдшер жанжалдың ортасына түсіп қалды.
Дереккөздердің хабарлауынша, бәрі төбелестен басталған. Кейін оның достары фельдшерді көмекке шақырған. Алайда оқиға орнына келгенде жанжал жалғасып, бір сәтте оқ атылған.
Қазір күдіктілер ұсталды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сол күні жігіт кезекшіліктен кейін демалып жүргені анықталды. Ол үйленген, жары жақында сәбиін дүниеге әкелмек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз