- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 23 жастағы...
Атырауда 23 жастағы әйел көпірден секірді
Атырауда 23 жастағы әйел көпірден секірді, полицейлер оны құтқарып қалды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 сәуірде сағат 15:48 шамасында Жедел басқару орталығы қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйелді байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген.
Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылы туған әйелді полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген.
Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде әйелді құтқарған.
Әйел төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан