Атырауда 2 миллион теңге алимент төлемеген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рейдтік іс-шара кезінде кәмелетке жасқа толмаған балаларын бағып-қағу міндетін орындамай төлеуден жалтарып жүріп, қарыз сомасы шамамен 2 миллионға жуық теңге ер адам анықталды. Тағы бір атыраулық 2017 жылдан бері баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін орындамай келген. Ол алименттер бойынша пайда болған берешекті өтеуден бас тартып, бала алдындағы жауапкершіліктен жалтарған.
"Рейдтің алғашқы күні Көші-қон қызметі бөлімімен 10 тұлға анықталды. Олардың 8-і алимент төлемегендер мен екеуі борышкер", - деді Атырау ҚПБ Көші-қон бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Римма Сидихова.
Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 181 адам мемлекеттік органдардың және сот орындаушыларының есебіне алынған. Ал, полицияның Көші-қон бөлінісінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 26 тұлға, мемлекет мүддесін орындамай жүрген борышкер санаты бойынша 25 тұлға және туысқандарымен қарым-қатынасын үзген 7 тұлға іздестірілу есебінде тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!