Атырауда 2 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

Атырауда 2 жасар бала терезеден құлап, мерт болды
Фото: depositphotos.com

Атырауда 2 жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, мерт болды. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Атырау облысы Полиция департаменті ата-аналар мен ересектерден бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды сұрайды. Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет", - деді өңірдің ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget