Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев, midjourney

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды. Оқиға бүгін, 9 желтоқсанда Берғалиев көшесінің бойындағы көпірде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жас жігітті мұндай әрекетке итермелеген себептерді анықтап жатыр. Тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде жиілеп кеткен суицид мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

"Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр дерек бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады", - деп жазды Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан