Атырауда көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірім құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 желтоқсанда жедел басқару орталығына Берғалиев көпірінде белгісіз адам секіргелі тұрғаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көпір үстінде жасөспірім секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлескен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір жедел тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!