Атырауда 15 жастағы қыз көпірден секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін 112 пультіне Жайық өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыз суға секіргені туралы хабарлама түскен. Өзен жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен заманауи Marlin құтқару қайығымен құтқарушылар дереу шыққан.
"Олар шамамен 4 шақырым қашықты еңсеріп, оқиға орнына 4 минут ішінде жетті. Құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашыққа ағыс алып кеткен қызды байқады. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрды, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтерді", - деп жазылған хабарламада.
2011 жылы туған қыз жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз