Атырауда 15 және 16 жастағы екі жасөспірім өз-өзіне қол салды

Атырауда 15 және 16 жастағы екі жасөспірім өз-өзіне қол салды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырауда 15 және 16 жастағы қос жасөспірім өздеріне қол жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Бейресми ақпаратқа сәйкес, ұл баланың денесі 2 шілдеде Геолог ықшамауданынан табылған. Ал екінші жеткіншек, яғни бойжеткеннің мүрдесі араға бір күн салып анықталған.

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатыр. Ал жастарды өлімге ненің итермелегені белгісіз.  

"Атырауда 2009, 2010 жылы туған екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы дерегіне қатысты қазір қылмыстық іс тіркеліп кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, жасөспірімдердің араласқан ортасы толыққанды зерделеніп жауаптар алынып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget