Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Атырауда 1 желтоқсанда жоғалып кеткен 14 жастағы қызды іздеу жұмыстары басталған. Қыз үйінен інісімен бірге шыққан, бірақ мектепке бармаған.
"Кейбір деректерге сүйенсек, олар кейін бөлініп кеткен: бала мектепке кеткен, ал қыз өзен жаққа қарай бағыт алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз", - деп жазылған мәліметте.
"1 желтоқсанда 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз сабаққа кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Жоғалып кеткен күні үстінде қара күртеше, көк шалбар, ақ аяқ киім болған, қолында қоңыр сөмкесі бар. Қазір ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Атырау облысы ПД өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!