Атырауда 13 жастағы бала әкесінің көз алдында суға батып кетті

Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен баланың денесі табылды, - деп хабарлайды atpress.kz.

Бүгін сағат 11.35-те құтқарушылар Жайық өзенінен 13 жастағы баланың денесін тапқан. Қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Бала сол күні сағат 14.00-де шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен.

Әкесі мен баласы суға түсуге келген. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланы іздеу жұмыстары екі күнге созылған. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектескен.