- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырауда 13 жастағы...
Атырауда 13 жастағы бала әкесінің көз алдында суға батып кетті
Фото:
pixabay.com
Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен баланың денесі табылды, - деп хабарлайды atpress.kz.
Бүгін сағат 11.35-те құтқарушылар Жайық өзенінен 13 жастағы баланың денесін тапқан. Қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Бала сол күні сағат 14.00-де шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен.
Әкесі мен баласы суға түсуге келген. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланы іздеу жұмыстары екі күнге созылған. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектескен.
Ж. Қадыржанова