Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секірді

Атырау облысында 12 жастағы мектеп оқушысы көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

"Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу амалдарының құпиялығына байланысты жеке деректер жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Аzh.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға 9 қараша күні түнде Binom мектеп-лицейінің 12 жастағы оқушысының басынан өткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз