- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау тұрғыны жеңілдікпен...
Атырау тұрғыны жеңілдікпен 820 мың теңгеге ыдыс аламын деп алданып қалған
Атырау тұрғыны жеңілдікпен 820 мың теңгеге ыдыс аламын деп алданып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы Махамбет аудандық соты аудан тұрғынының азаматтық ісін қарады. Жәбірленуші жеңілдікпен ыдыс-аяқ сатып аламын деп 780 мың теңге төлеген, енді ол сотқа осы ақшаны өндіріп алу үшін жүгінген.
Іс материалдары бойынша жәбірленуші 2022 жылғы ақпаннан шілдеге дейін ауызша уағдаластық бойынша келесі адамға тауардың ақысы ретінде 820 900 теңге аударғаны белгілі болды.
Ақыр аяғында ол 40 мың теңгенің ыдыс-аяғын алған, сатқан адам қалған қаражатқа ыдыс-аяқты жеткізбеген. Талапкер ақшасын қайтаруды талап еткен, бірақ "ыдыс сатушы" екі жыл ішінде қарызын қайтармаған. Жәбірленуші қарыз сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа жүгінді.
"Татуластыру рәсімдерін өткізу нәтижесінде тараптар өзара бітімгерлік келісімге қол жеткізді. Келісімнің талаптары бойынша жауапкер талапкерге әр айдың 1-іне дейін 8 ай ішінде 780 900 теңге төлеуге міндеттелді. Талапкер талаптардан бас тартты. Сот ұйғарымымен бітімгерлік келісім бекітілді, іс жүргізу тоқтатылды", - деп жазылған сот хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова