- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау тұрғыны жаңа...
Атырау тұрғыны жаңа туған сәбилерін бірнеше рет сатқан
Атырауда жаңа туған нәрестені сату ісі бойынша сотталған бес адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін сот үкімімен сотталушылардың бірі алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталға болатын.
Іс бойынша тағы төрт айыпталушы алдын ала сөз байласу арқылы дәрменсіз балаларды саудалағаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
"Сотталушы жүкті бола тұра, материалдық жағдайын жақсарту мақсатында ерлі-зайыптылармен сөз байласып, баланы туылғаннан кейін сатып жіберген. Қаражатты аударғаннан кейін ерлі-зайыптылар баланы отбасына алып кетті. Содан кейін әйел қайтадан жүкті болды. Ол баланы екі жұпқа белгілі бір сомаға беруге уәде еткен. Алайда олардан ақша алғаннан кейін жоғалып кеткен. Соның салдарынан жәбірленушілерге 2,3 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Бұл ретте сотталушы басқа ерлі-зайыптылармен сөз байласып, баласын туғаннан кейін оларға сатуға кіріскен. Ерлі-зайыптылар бала туғанға дейін жауапкердің шотына мерзімді түрде ақша аударып отырған. Бала туылғаннан кейін ерлі-зайыптылар оны отбасына қалдырған. Жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып алған ерлі-зайыптылар әке болуды белгілеп, балаларының туу туралы куәлігіне өз есімдерін енгізген", - делінген хабарламада.
Апелляциялық тәртіптегі іс сотталғандар мен сот үкімін бұзып, ақтау үкімін шығаруды сұраған адвокаттардың өтініштері негізінде қаралды. Алқа тараптардың өтініштерін зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз таппады.
Осыған байланысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы