- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау тұрғыны ескі...
Атырау тұрғыны ескі тапаншаны өткізіп, 345 мың теңге сыйақы алды
Атырау полиция басқармасы әкімшілік полиция бөліміне 1988 жылы туған қала тұрғыны 1896 жылғы Mauser C96 неміс тапаншасын тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Mauser C96 - 1896 жылы Германияда жасалынған өздігінен оқталатын тапанша. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған атыс қару ретінде тарихта қалған.
"Mauser C96 тапаншасын тапсырған азамат бұл қаруды бір жыл бұрын Исатай ауданында мал бағып жүргенде құм арасынан тауып алған. Қазіргі таңда қаруды тапсырған азаматқа мемлекет тарапынан 100 АЕК көлемінде сыйақы берілді",- дейді Атырау полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық қызмет қару айналымы бақылау тобының аға инспекторы Ренат Сисенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан