- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау тұрғыны әрекетке...
Атырау тұрғыны әрекетке қабілетсіз азаматқа несиелерді заңсыз рәсімдеп алған
Атырау тұрғыны әрекетке қабілетсіз азаматқа несиелерді заңсыз рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасында әрекетке қабілетсіз Т.Н.-ның мүддесінде талап қоюшы Д.А.-ның жауапкерлер К.А., АҚ және ЖШС-не мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Талап қою арызында жауапкер К.А.-ның Т.Н.-ны алдап, оған түрлі несиелік мекемелерден несиелер рәсімдегені көрсетілген. Атырау қалалық сотының шешімімен бірқатар банктік қарыз шарттары жарамсыз деп танылды. Апелляциялық сатыда іс жауапкерлер – несиелік мекемелердің апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюды сұраған.
Сотпен жауапкер К.А.-ның психикалық ауруы салдарынан сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған Т.Н.-ның атынан несие рәсімдегені анықталды. Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қанағаттандырып, даулы шарттарға қол қойылған сәтте Т.Н.-ның өз іс-әрекетінің мәнін түсінбегенін көрсетті. Істі алқада қарау барысында қайтадан психиатриялық сараптама тағайындалып, Т.Н.-ның ақыл-ой кемістігі расталды. Осыған байланысты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз, жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина