Атырау прокуратурасы мемлекетке құны миллиондаған теңге тұратын активтерді қайтарды

Атырау прокуратурасы мемлекетке құны миллиондаған теңге тұратын активтерді қайтарды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырау прокуратурасы мемлекетке құны миллиондаған теңге тұратын активтерді қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соның бірі - құны 700 млн теңгеден асатын мүлік. Жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңдылықты талдау барысында прокурорлар осы жайтты анықтаған.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерге құны 93,7 млн теңге болатын жертөлені берген. Кәсіпкер шарт талаптарын орындамағанына қарамастан, жергілікті атқарушы орган ұзақ уақыт бойы нысанды уақтылы алып қою бойынша шара қабылдамаған.

Осылайша мемлекет балансына жалпы құны 400 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік қайтарылды.

Бұдан бөлек, жер пайдалану саласында тәртіп орнату бойынша шаралар қабылданған. Ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша игерілмей келген, жалпы құны 300 млн теңге болатын 28 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget