Атырау полициясының экс-басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Атырау полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ жүргізген жоспарлы қызметтік тексеріс барысында полиция басшысы "құқыққа қайшы әрекет жасағаны" анықталған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев Атырауда дүниеге келген. Ол - Орталық Азия университетінің түлегі. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

Атырау полиция басқармасының бастығы болып 2024 жылғы мамырда тағайындалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!