Атырау полициясына жаңа басшы келді

Атырауда полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жаңаөзен полициясын басқарған полковник Айдар Қасанов келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлық ауыс-түйіс туралы ақпаратты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Айдар Қасанов Атырау полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ол 20 сәуірден бастап өз міндетіне кірісті", - деді ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, тергеу изоляторына қамалды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!