- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау өңірінде 10...
Атырау өңірінде 10 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасты
Атырау облысында 9,8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасты.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Атырау облысында 2015 жылы аймақтық жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында 9,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 66%-ын құрап отыр.
«Нұрлы жол», Индустриалды-инновациялық даму, «Агробизнес-2020», «Саламатты Қазақстан», «БЖК-2020» мемлекеттік және салалық бағдарламаларының аясында облыстың 931 тұрғыны жұмыспен қамтылды.
2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, 1000 адам кадрларды қайта даярлау және кәсіптік оқуға бағытталса, 368 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 444 түлек жастар практикасын өтуге ниет білдіріп, 203 адам микронесие алды.
Халықты жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау. Соңғы деректерге сәйкес, аталмыш шараға облыстың 4,4 мың адамы қатысты. 2 мың 480 азамат мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмыс тапты.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыссыздық өсімін болдырмау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында аймақтарда жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары жүзеге асырылып келеді.
Аймақтық кешенді жоспарлар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға, сонымен қатар «ЖҚЖК 2020», өзге де мемлекеттік және салалық бағдарламаларға азаматтардың қатысуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қарастырады.
Барлық құқығы қорғалған.
BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.
BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:
- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.
- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.