- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысының әкімі...
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сібір жарасының алдын алуға қатысты жұмыстармен таныстырды
Бүгін Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Сібір жарасының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Бүгін, 8 шілдеде Астанада премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен Үкімет отырысы өтті. Онда Елбасының экономиканы индустриялизациялауға қатысты тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Бұдан бөлек республикадағы ветеринарлық бақылау мен мал қорымдарының жағдайына ерекше көңіл бөлінді.
Отырыс барысында Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Сібір жарасының алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, 2016 жылы індетпен күреске мүйізді ірі қара үшін 154010 доза, мүйізді ұсақ қара (қой және ешкі) үшін 691610 доза, жылқы үшін 37010 доза, түйе үшін 24110 доза және шошқа үшін 500 доза вакцина бөлінген. Екпе жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, аймақ басшысы қазіргі таңда 22 мал көмінділеріне мемлекеттік акт, 3 мал көміндісіне сызба жасақталып үлгергенін айтты. Бұл үшін 45 миллион теңге бөлінген.
@. @assel_assanova