Атырау облысының әкімі қайта тағайындалды

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Серік Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

2000 жылдан - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауылшаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауылшаруашылық департаменті директорының орынбасары.
2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары
2020 жылдан - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!