- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысындағы тұрғын...
Атырау облысындағы тұрғын үйде жантүршігерлік жағдай болды
Фото:
Polisia.kz
Атырау облысында 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы Полиция департаменті 2 наурызда сағат 23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап, қаза болғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайтыны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан