Атырау облысындағы тасжолда жүргізуші ерекше жабдықталған полиция көлігін байқады. Ол қарапайым жол талғамайтын көлікке ұқсайды және ешқандай ІІМ сыртқы сәйкестендіру белгілері, жарық шамдары жоқ. Көлік ішіндегі камераны зейін салып қараған жүргізушілер ғана байқай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" мәліметіне сілтеме жасап.
Порталы бұл құрылғы "Оракул инсайт" деп аталатынын жазды. Атырау облысы ПД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жол ережесін бұзғандарды байқатпай анықтауға мүмкіндік беретін бейнежазбаның жаңа түрі. Көліктер тек облыстың тасжолдарында жүреді, қазіргі уақытта олардың екеуі бар.
Бұл заңды ма деген портал сұрағына, ПД ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы №10 бұйрығына сәйкес барлығы заң аясында деп жауап берген.
Онда жарық шамдарсыз және полиция нөмірі жоқ қызметтік көліктерде бейнежазба жүргізуге рұқсат етілгені айтылған. Бұның мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады және бұл профилактикалық мақсатта жүргізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!