- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысындағы су...
Атырау облысындағы су тасқыны: қанша бизнес нысан бүлінді?
Атырау облысында су тасқыны кезінде 226 бизнес нысан бүлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жөнінде Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабиров мәлімдеді.
"Бұлар, негізінен, дүкендер, наубайханалар, жылыжайлар және шаруа қожалықтары. Су тасқыны кезінде бизнес иелелеріне келтірілген залалды бағалау үшін қазір өңірлік комиссия құрылып жатыр. Бүгінде Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 226 өтінім қабылданды", - деді Сәттіғұл Сабиров.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарды атаған еді.
ТЖ жөніндегі жедел штабта өткен брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев "үлкен су" қайдан келетінін және қандай елді мекендер қауіпті аймақтарда тұрғанын айтты.
"Жайық өзені бізге солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Қазіргі уақытта Бесікті, Алмалы, Береке елді мекендеріне су басу қаупі төніп тұр. Қазіргі уақытта бұл елді мекендерде екі қорғаныс желісін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова