- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысындағы ірі...
Атырау облысындағы ірі компания мемлекетке 600 миллион теңге қарыз болып қалды
Атырау облысындағы ірі компания жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ANACO" ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.
Бұл "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып саналады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек).
Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңге.
Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина