Атырау облысындағы жағаұстатар жағдай: жоғалған отбасыға қатысты түрлі дерек айтылып жатыр

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты түрлі дерек айтылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өліміне, отбасының тағы екі мүшесі жоғалып кетуіне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, басылым мәліметінше, "әлеуметтік желілерде жоғалғандардың бірі септиктен табылды деген ақпарат тараған". Алайда бұл дерек расталмады. Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, полиция сол жерде тексеріс жүргізіп, тергеуге қажет бірқатар затты тәркілеген.

Айта кетейік, бұған дейін аймақ полициясы азаматтарды жалған ақпарат пен қауесет таратпауға шақырды. Ресми мәліметке сәйкес қазір барлық нұсқа қарастырылып жатыр.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

Атырау облысы ПД

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!