Атырау облысында сібір жарасын жұқтырған тағы бір атыраулық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
"Асыл агро" мал базарында малшы болып жұмыс істеген тағы бір адам сібір жарасын жұқтырған.
"Науқас өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қолдарында жаралар бар екені анықталды. Қазір аурудың теріге шығатын түрін жұқтырған екі науқас та ауруханада стационарлық ем алып жатыр. Жалпы базарда жұмыс істеген қызметкерлер 14 күн медициналық бақылауға алынған", - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатқаны, сібір жарасын жұқтырған үш ірі қара арам қатқаны, бір адам ауруханаға түскені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз