- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысындағы екі...
Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау шеңберінде парниктік газ квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ, рұқсат етілген шығарынды нормаларынан асып кету және жердің ластанғаны анықталды.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен бұл компанияларды сот кінәлі деп таныды. Өндіріп алынған айыппұл мөлшері - 10,7 миллиард теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек