ТЖМ құтқарушылары Атырау облысы Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялауды бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, бір күн бұрын Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенге кіреберіс жол су астында қалды.
Ауыл тұрғындарын хабардар ету үшін сирена қосылды.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы су басу қаупінің күшеюіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында толық эвакуациялау туралы шешім қабылдаған.
Тұрғындар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жатақханасы базасындағы эвакопунктке орналастырылады. Сонымен қатар, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.
Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!