Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде аумақтық бөлімшелердің қызметіне жоспарлы қызметтік тексеріс жүргізіп тұрады. Кезекті тексеріс Атырау облысында жүргізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызметтік-әскери тәртіп өрескел бұзылуына, тиісті бақылау және жұмысты ұйымдастыру болмауына байланысты ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ, Атырау облысы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары лауазымдарынан шеттетілген.
"Бұған дейін ішкі істер министрі ведомствода заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетінін бірнеше рет айтты", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан кейін бірнеше басшы қызметінен босатылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова