Әлеуметтік желілерде "Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасының тағы екі мүшесі жоғалғаны" туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, жоғалғандар саны - төртеу емес, алты адам, тағы екі адам - осы отбасының қызы мен күйеу баласы.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, тағы екі адам жоғалғаны туралы ақпарат ресми түрде тіркелмеген, қазір тексеріліп жатыр, туыстары арыз түсірмеген.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жоғалған отбасы әлі де іздестіріліп жатқаны хабарланды.
Жоғалған жандар туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан құқық қорғау органдарына мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралды: 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12.
Атырау облысы ПД
Сондай-ақ, аймақ полициясы азаматтарды жалған ақпарат пен қауесет таратпауға шақырды. Ресми мәліметке сәйкес қазір барлық нұсқа қарастырылып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова