Атырау облысында вейп өнімдерін сатқан дүкен анықталды

Атырау облысы Жылыой ауданында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында азық-түлік дүкенінде вейп өнімдерінің сатылып жатқанын анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу кезінде 31 жастағы кәсіпкердің өз дүкенінде заңсыз темекі өнімдерін саудалағаны белгілі болды. Тексеріс барысында 123 дана вейп өнімдері және 5 дана насыбай өнімдері табылып, тәркіленді.

Күдікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 19 сәуірінде Президент Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды. Бұл заң 20 маусымда күшіне енген және Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салынды. Заңсыз вейп өнімдерін сатқандарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!