Атырау облысы Жылыой ауданында үйіне мас болып келген ер адам 5-қабаттан секіріп кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 қазан күні сағат 15:55 шамасында 102 арнасына Жылыой ауданы №2 шағын ауданының 1985 жылы туған тұрғыны күйеуінің 5 қабаттан секіргелі тұрғанын хабарлаған.
Бұл хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Алтай Дүйсенғалиұлы, Нұрасыл Муканов, Бауыржан Тасекенов және полиция капитаны Әділет Рахымұлы мекен-жайға уақытылы жетіп, алдымен 1985 жылы туған азаматшамен сөйлесіп, терезеден секірмекші болған күйеуін үй ішіне тартып, құтқарып қалған. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуі арқасында өз-өзіне қол салмақшы болған азамат құтқарылды.
Мәселенің мән-жайын анықтау кезінде 1985 жылы туған әйел күйеуінің мас күйде келіп, мазасын алып, соңында 5 қабаттың терезесіне шығып, қорқыту мақсатында өз-өзіңе қол салмақшы болғанын жеткізген. Дәрігерлік сараптамадан өткізген кезде 5 қабаттан секірмек болған 1983 жылы туған азаматтың жеңіл дәрежелі мас екендігі анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!